Елімізде екпе салу пункттерінің саны артуда - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салу пункттерінің саны артуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде екпе салу пункттерінің саны артуда - ДСМ

«Қажеттілікті ескере отырып, екпе салу пункттерінің саны үнемі артып келе жатқанын атап өткім келеді. Бүгінде өңірлерде иммундау 1 051 екпе салу пунктінде жүргізіледі. Бұған қоса, жекелеген аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі екпе салу бригадасы жұмылдырылған», - деді Алексей Цой.

Оның дерегінше, иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицниа ққызметкері тартылған.

«Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларында екпе салу пункттері сауда орталықтарында, базарларда, ұйымдастырылған ұжымдарда жасақталған. Онда демалыс күндері вакцинациялауға қолжетімді. Бұл вакцинаның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді министр.