Елімізде еңбекпен қамтылғандар саны 8,6 млн. адам
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2012 жылғы ақпандағы жайдай бойынша 8,6 млн. адам жұмыс істеп жүр.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 416,1 мың адамға немесе 5,1 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,6 пайызды) құрады.
2012 жылғы ақпанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 500,2 мың адамды, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылғы ақпан айының соңына 57,6 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген азаматтарды есептемегенде) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады (2011 жылғы ақпанда - 0,6 пайыз).