Елімізде ешкім бақыламайтын, жауапсыз, деңгейі өте төмен сот өкілдігі институты қалыптасып келеді ? Адвокаттар одағының төрағасы

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Соңғы уақыттарда азаматтарға заңдық қызмет көрсетумен арнайы білімі жоқ азаматтар да айналыса бастағаны белгілі. Нәтижесінде ол елімізде ешкім де бақыламайтын, жауапсыз, сапасыз, деңгейі өте төмен сот өкілдігі институтын қалыптастырып отыр.

Елімізде ешкім бақыламайтын, жауапсыз, деңгейі өте төмен сот өкілдігі институты қалыптасып келеді ? Адвокаттар одағының төрағасы
Бұл пікірді бүгін Жоғарғы сотта «Азаматтық сот өндірісіне қатысушылар институтын жетілдіру мәселелері» деген тақырыпта өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның Адвокаттар одағының президенті Әнуар Түгел білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі заңдық тұрғыдан көрсетілетін қызметтердің төмендігі әділдіктің орындалуына кедергі келтіріп отыр.«Сотта өкілдік ететіндердің кәсіби деңгейінің төмендігі көптеген қиындықтардың пайда болуына әкеліп соғуда. Бұл проблема соттардың қызметін күрделендіріп, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол ашуда. Өз кезегінде ол азаматтардың әділ сот шешіміне деген сенімін жоғалтады», - деді адвокат.