Елімізде есірткіге масайып алып қылмыс жасайтындар едәуір азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қаңтар-мамырда Қазақстанда 282 адам есірткіге мас күйінде құқық бұзушылық жасаған, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,5% аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Елімізде есірткіге масайып алып қылмыс жасайтындар едәуір азайды

Былтырғы сәйкес кезеңде 330 адам осындай қылмыс жасаған, ол кезде көрсеткіш 23,4% азайған еді. Жалпы, көрсеткіш бірнеше жыл санап төмендеп келеді.

Есірткіге мас болып құқық бұзушылық жасағандар Батыс Қазақстан облысында көп тіркелді: 38 адам, бір жыл бұрын 59 адам болған (35,6% азайған).

Одан кейін Ақтөбе (35 адам, бір жылда 18,6% азайған) және Ақмола (34 адам, 30,8% көбейген) облыстары.

Ең төменгі көрсеткіштер Қостанай және Қарағанды ​​облыстарында: әр облыста 2 адам. Ұлытау облысында мұндай құқық бұзушылар туралы ақпарат жоқ.

Есірткіге мас күйінде қылмыс жасаған адамдар көбіне есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ұсталады: 186 адам, бір жылда 13,5% азайған (бұл сектордағы барлық тәртіп бұзушылардың 66%-ы).