Елімізде есірткімен күреске бағытталған қаржы тиімсіз жұмсалып келіпті - Бас прокуратураның тексеруі

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанда есірткіге қарсы бағытталған бағдарламаға бөлінген қаржы дұрыс үлестерілмеген», деді бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, нашақорлықпен байланысты жағдайды сауықтыру шараларына жалпы бөлінген соманың тек 30 пайыз ғана жұмсалған. «Аталмыш факті қоғамдық дертпен күрес бағытында мемлекеттік органдар қолданып отырған шаралардың тиімсіздігінің басты себептерінің бірі», деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, нашақорлықпен күреске бағытталған қаржыны құзырлы органдар тиімді пайдалана алмай отыр. «Мысалы www.narkopost.kz деген атаумен құрылған интернет сайтында жарияланған мәліметтер ұзақ уақыт бойы жаңартылмаған. Ал сайттың айдарлары жарнамалар мен спамдарға толы. Осының өзі аталмыш сайттың тек көзбояушылық үшін құрылғандығын, яғни қаржының тиімсіз қолданылғандығын көрсетеді. Бұған қоса нашақорлықтан емделіп шыққан азаматтарды бейімдеу мәселелеріне де жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Ал оларды жұмыспен қамту мәселелері нашақорлықпен күрес бағдарламасында мүлдем қарастырылмаған», деді Н.Сүйіндіков.

Оның айтуынша, осы уақытта есірткімен күреске бағытталған қаржының игерілуін қадағалау бойынша жүргізілген тексерулер кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін арнайы ұсыныс дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар