Елімізде гемофилиямен ауыратын адамдарға ортохирургиялық көмек бағдарламасын іс жүзіне асыру кезеңі басталды

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ базасында гемофилиямен ауыратын адамдарға ортохирургиялық көмек бағдарламасын іс жүзіне асыру кезеңіне кірісті.

Елімізде гемофилиямен ауыратын адамдарға ортохирургиялық көмек бағдарламасын іс жүзіне  асыру кезеңі басталды

Бұл ақпаратты аталған министрліктің баспасөз қызметі таратып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдан бастап әзірлей бастаған бұл бағдарлама гемофилиямен ауыратындарға сапалы көмекті ұйымдастырудың бастапқы профилактикалық бағыты болып табылады. Оның аясында ересектерді қанды ұйыту факторларымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұдан әрі, дайындық іс-шараларының ауқымында Денсаулық сақтау министрлігі гематолог, травматолог, зертханалық қызмет дәрігерлерін оқытты. Скринингтік іріктеу жүргізді және аурулардың тізілімін бекітіп, емдеу хаттамаларын ресімдеді. Ресей Медицина ғылымдары академиясы Гематологиялық орталығымен ынтымақтастық нәтижесінде профессор В.Зоренконың қатысуымен науқастардың осындай санатын жедел емдеудің күрделі жоғары технологиялық әдістері енгізілді.

Үстіміздегі жылғы қазанның 5-інен бастап бағдарлама аясында тізе және ұршық буындарын эндопротездеу бойынша тобық буынына реконструктивті операциялар жүргізілді. Жедел емдеу «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ базасында жүргізіліп, бүгінгі таңда 5 операция жасалды.

Гемофилия шұғыл емдеуді қажет ететін, шұғыл жағдайларда (қан кетулерде) клиникада емдеу басым болатын ауру болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы гематологтарында есепте 618 ауру тұр, олардың 319-ы - ересек адамдар. 120 адам буын қуысында жиі қан кетулерге байланысты тірек-қозғалыс аппараты бұзылуына шалдыққан. Бұл науқастардың кейбіреуі өздігінен жүре алмайды және мүгедектер арбасы мен балдақ сияқты қосымша құралдарды пайдаланады.