Елімізде қандай жол жобаларының құны қайта қаралады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сыртқы қарыз департаментінің өкілі Ерлан Қалымов бағаны көтеру бағытында тасжол құрылысы бойынша қанша жобаны қайта қарау жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір бағаның қаншалықты көтерілетінін айта алмаймын, себебі ол жобалық-сметалық құжаттаманы реттегеннен кейін анықталады. Бірінші кезеңде республикалық бюджет комиссиясы түзетудің қаншалықты орынды екенін, екінші кезеңде – қаржы бөлу шешімін қабылдайды. Яғни, бірінші кезеңнен кейін ресми жобалық-сметалық құжатты түзетеміз, содан кейін мемлекеттік сараптамадан қайта өтеміз, баға содан кейін ғана белгілі болады», - деді Е.Қалымов.
Ол қандай жобалардың құнын қайта қарау жоспарланып отырғанын айтты.
«Бізде сыртан қарыз тартатын үш жоба бар. Олар – төрт учаскеден тұратын «Атырау-Астрахан» жобасы, екі іздеу кешені бар «Ақтөбе-Қандыағаш» және бір іске қосу жүйесі бар «Күрте-Қапшағай». Ал республикалық бюджет есебінен жүзеге асатын жобалар бойынша Шамалған станциясын айналып өтетін учаскенің жобасы түзеуге жатады. Бұл «Нұр-Сұлтан-Петропавл» бағытының 400 шақырымнан астам жолы, сонымен қатар «Үшарал-Достық» және «Ақтөбе-Ақтау-Астрахан» жобаларындағы екі учаске», - деп нақтылады Е.Қалымов.