Елімізде қанша адам коронавирустан емделіп жүргені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 26 тамыздағы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде қанша адам коронавирустан емделіп жүргені белгілі болды

«26 тамыздағы мәлімет бойынша 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (111 242 КВИ+ және 6 324КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда жатыр, 90 322 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.