Елімізде қараша айында ірi және орта кәсiпорындарға 66,6 мың адам жұмысқа қабылданды

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға ағымдағы жылғы қарашада 66,6 мың адам жұмысқа қабылданды, түрлі себептермен - 73,5 мың адам жұмыстан кетті.

Елімізде қараша айында ірi және орта кәсiпорындарға  66,6 мың адам жұмысқа қабылданды

 Бұл туралы ҚазАқпарат  ҚР Статистика агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында, өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 74,6 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты -1,8 пайызды, басқа себептер бойынша - 23,6 пайызды құрайды», делінген агенттіктің бүгінгі хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазан айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,3 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,5 пайызды, кадр тұрақсыздығы - 1,9 пайызды құрады. Ағымдағы жылғы қарашада жұмыстан босатылған қызметкерлердің iшiнде 90,7 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды.