Елімізде қазақ тілінде оқытатын мектептер желісі кеңеюде - Н. Назарбаев
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде қазақ тілінде дәріс беретін 4 мыңға жуық мектеп бар.
Бұл туралы Президент бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында айтты.
«Ең алдымен қазақ тілінде оқытатын мектептер желісі кеңеюде. Қазір ондай мектептер 4 мыңға жуық. Бұл 90-ыншы жылдардың басына қарағанда екі есеге көп»,- деді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасының атап өтуінше, ниет еткендер үшін қазақ тілін оқытудың 100-ден астам орталығында жұмыс жолға қойылған. Қазақ тілді БАҚ-тарға да жан-жақты қолдау көрсетілуде. «Тәуелсіздік жылдары қазақ тіліндегі баспа басылымдары 7 есеге көбейді»,- деді Елбасы.