Елімізде «Қазақстанға Даму келді» деп аталатын акция басталды

«Казкоммерц-Life» өмірді сақтандыру компаниясының ұйымдастыруымен басталған жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың өз балаларының болашағын қаржымен қамтамасыз етуl3 жоспарлау мүмкіндіктерімен таныстыру және сақтандыру мәселесіне назар аударту болып табылады.
Жақында Алматыдағы «Мега Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығында жобаның ашылу салтанаты болып өтті. Акцияны ұйымдастырушылар келесі, 2012 жылды еліміздің мәдени мұрасын насихаттауға арнап отырғандықтан, компанияның тұжырымдамасына сәйкес таныстырылым ежелгі «Тұсау кесу» салт-дәстүрі түрінде жасалып, тұңғыш рет елімізде ұсынылған 3D форматта жасалған екі суретпен ашылды.
Осы жобаны жүзеге асыру аясында «Казкоммерц-Life» АҚ- сонымен қатар, «Мен бақытқа кез болдым» балалар кітабын шығару арқылы Қазақстан Республикасында балалар шығармашылығының дамуына өз үлесін қоспақ.
«Бұл кітапқа ертегілер және суреттер енгізіледі, олардың авторлары - жобаға қатысушы балалар болады. Ең жақсы ертегінің негізінде «Казкоммерц-Life» компаниясы аттас мультфильм шығаруды жоспарлап отыр, оған біздің балғын қатысушылардың суреттері енетін болады. Ал, кейіннен бұл мультфильм «Балапан» телеарнасында көрсетілетін болады. Жобаның бас жеңімпазы Барселона қаласындағы "PORT AVENTURA" ойын-сауық паркіне 3 күнге өз ата-аналарымен баруға мүмкіндік беретін жолдамаға ие болады», - дейді жобаның PR менеджері Анастасия Жукова.
Оның айтуынша, акция 2012 жылдың 31-ші тамызына дейін өтеді. Қорытындысы 20-қарашада шығарылмақ.
Алматыда бастау алған акция енді, еліміздің ірі қалаларында жалғасын табатын болады. Компания акцияны өткізе отырып, ата-аналарға бала өмірін сақтандырудың тиімділігін түсіндірмек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысушылар балаларға жаңа мөлтек фильмдер мен кітаптарды жасауға үлесін қосып қана қоймай, Қазақстан Республикасында балалар шығармашылығының дамуына өз үлесін қоса алады.