Елімізде «Кезексіз емхана» республикалық байқауы өтуде
Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
Шара азаматтар медициналық көмекті ешқандай қиындықсыз, тез және сапалы ала алатын, кезегі жоқ, ұйым қызметі реттелген емханаларды анықтауға бағытталған.
«Кезексіз емхана» республикалық байқауы еліміздің барлық өңірін қамтиды. Шара мақсаты - амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарды ынталандыру.
Байқауға барлық емханалар, оның ішінде жекеменшік емдеу орындары қатыса алады. Ол үшін өткізілген іс-шараларын, жетістіктерін, жұмыс нәтижелерін, оның ішінде фтосуреттері бар таныстыру материалдарын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне жолдауы тиіс.
2012 жылдың 20 қаңтарында байқаудың лауреаттары анықталатын болады. Жеңімпаздарға Лондонға жолдама табыс етіледі.