Елімізде ҚХА жанында 210 Аналар кеңесі жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аналар кеңесінің атқаратын жұмысының мәні зор. Бұл туралы бүгін Отбасындағы толеранттылық мәселелері жөніндегі бірінші республикалық Аналар форумы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты.

Елімізде ҚХА жанында 210 Аналар кеңесі жұмыс істеп жатыр

«Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамблеялары жанында облыстық, аудандық, ауылдық деңгейлерде толеранттылық мәселелері жөнінде 210 Аналар кеңесі жұмыс істеуде. Облыстық деңгейдегі кеңестер құрамына 335 адам мүше болып табылады. Олардың көпшілігі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, үкіметтік емес сектор, мәдениет және білім беру мекемекелерінің өкілдері, әйелдер қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері болып табылады»,-деді Е. Тоғжанов.

Оның сөзіне қарағанда, кеңес отырыстарында отбасында тұлғаны үйлесімді дамытуға, тұлғаны әлеуметтендірудегі отбасының рөліне, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, ананың денсаулық жағдайына, әйелдер құқығын қорғауға, тіліді және мәдениетті сақтауға бағытталған және басқа да өзекті мәселелер талқыланады. Тек ағымдағы жылы кеңестер 185-тен астам шара өткізді.