Елімізде кісі өлтіріп, құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген Қазақстан азаматы Грекияда ұсталды
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат. - Елімізде кісі өлтіріп, құқық қорғау органы қызметкерлерінен бой тасалап жүрген 1975 жылы туылған Қазақстан азаматы өткен жылдың желтоқсан айының 30-ы күні Грекияда ұсталды,
деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Шет мемлекетте қолға түскен Қазақстан азаматы Г.Семенчук 1995 жылдың ақпан айының 18-і күні ұрыс-керіс кезінде Р.Иризов атты азаматқа аңшы мылтығынан оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Ал Р.Иризов алған жарақатынан ауруханада есін жимастан көз жұмды.
Осы оқиға бойынша 1995 жылдың ақпан айының 19-ы күні Қызылорда қалалық прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, Г.Семенчукты кісі өлтірді деген айыппен қамауға алу жөнінде арнайы қаулы шғарды. 1995 жылдың мамыр айының 30-ы күні Г.Семенчукке халықаралық іздеу жарияланған.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Грекия Интерполының ұлттық бюросы қазір Афины қаласының аппеляциялық сотына грек тіліне аударылған экстрадициялау материалдарын жіберуді сұрап отыр.