Елімізде көліктік бақылау саласын жетілдіруге мән берілуде

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Елімізде көлік процестерінің қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдары жүйесін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Қолданылған профилактикалық шаралардың арқасында 2008 жылы қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғалары 12 пайызға азайған.
None
None
Су көлігінде апаттық жағдайлар 33 пайызға азайды. Автомобиль көлігінде көліктік бақылау бекеттеріндегі тәртіп бұзушылықты анықтау деңгейі 20 пайызға, ал салынған айыппұл сомасы 60 пайызға өскен. Бұл мәліметті маусымның 1-і күні Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жыл сайын «Жасыл өнімге ? жасыл жол» акциясы өткізіледі. 2008 жылғы акция бойынша Қазақстанның аумағына 8 мың 949 автокөлік кірген. Олар 178 мың 990 тонна жүк алып өткен, транзитпен 10 мың 449 автокөлік өткен. Олар 208 мың 990 тонна жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін алып өткен.Басқа бақылау органдарымен және жергілікті атқару органдарымен бірлесіп «Жолаушы тасымалы қауіпсіздігі үшін», «Тахограф», «Скутер» және басқа жедел-профилактикалық акциялар өткізілген. Акциялар кезінде 24 мыңнан астам автокөлік тексерілді. Бір мыңға жуық заң нормаларын бұзушылық анықталды, 3 млн. 800 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. «Биылғы жылы біз көліктік бақылаудың аумақтық органдарын қайта құрылымдауды жоспарлап отырмыз. Бұл шекарадағы бақылау саласындағы өзгерістерге, ішкі бақылауды күшейтуге, сонымен бірге автокөлік құралдарын мемлекеттік техникалық тексерістен өткізудің Көлік министрлігінің құзырына беруге байланысты өзгерістер. 16 аумақтық органдарды қайта құрып, 7 аумақаралық инспекция құру жөнінде ұсыныс енгізілді. Бұл реформа басқарудың тиімді схемасын жасауға, шешім қабылдау сатыларын қысқартуға, әкімшілік шығындарды азайтуға, жемқорлық құраушысын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсат бланктеріне өтінімдерін электрондық жүйе арқылы жүргізу жолға қойылды»,- деді министр Ә.Құсайынов. Министрдің пайымдауы бойынша, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың ең шырқау тұсы 2010-2012 жылдарға сәйкес келеді. Сол тұста жоспар бойынша 90 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 265 мың адам еншілес салаларда жұмысқа тартылады. Инвестиция көлеміндегі қазақстандық құраушының үлесі 76 пайыз болады. Таяудағы 3 жылда бұл көрсеткішті 88 пайызға жеткізу көзделіп отыр.Бұл жоспарларды іске асыру экономиканың басқа салаларына да едәуір мультипликативтік ықпал ететін болады. Сонымен қатар еліміздің индустриялық, өңірлік, әлеуметтік және инновациялық дамуына әсер ететіні сөзсіз.
Соңғы жаңалықтар