Елімізде коронавирус матрицасы жаңа тәртіппен айқындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы қайта қарастырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгіннен бастап Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын өзектендірді. Онда 7 күн ішінде індет жұқтырудың орташа тәуліктік көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда ауруханаға жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне көшу талабына ауыстырылды», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, аталған көрсеткішті қайта қарастыру жұмысына денсаулық сақтау саласының мамандары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары қатысты.

«Бұл тұрғыда матрицада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпидемиологиялық ахуалды бағалауға қатысты ұсыныстары ескерілді. Бұл ретте инфекциялық стационарларға жатқызылған науқастардың үлесі, халықтың вакцинамен қамту деңгейі, коронавирустың таралу көрсеткіштері назарға алынды», - деді министр.

Осы орайда «жасыл» аймақ мына тәртіпте айқандалады:

1. Репродуктивті R саны көрсеткішіне қарамастан, 2,5 мыңға дейін науқас аурухаға жатқызылған кезде.

2. 5 000-ға дейін науқас ауруханаға жатқызылса және репродуктивті R саны 1-ден төмен болса.

«Сары» аймақ:

1. 5 000-ға дейін науқас ауруханаға жатқызылса және репродуктивті R саны 1-ден артық болса.

2. 5000-нан 10 000-ға дейін науқас ауруханаға жатқызылса және репродуктивті R саны 1-ден төмен болса.

«Қызыл аймақ:

1. 5000-нан астам науқас ауруханаға жатқызылса және репродуктивті R саны 1-ден артық болса.

2. Репродуктивті R саны көрсеткішіне қарамастан, 10 000-нан астам науқас аурухаға жатқызылған кезде.

Қазіргі кезде індет жұқтарғандардың 90 пайызға жуығы амбулаторлық тәртіпте ем қабылдап жатыр.


Соңғы жаңалықтар