Елімізде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 63 мыңнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«6 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 376 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 177 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап ауырғандар саны – 63 366, 3 887 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 55 588 жетті», делінген хабарламада.