Елімізде коронавирус пневмониясына қатысты 471 жағдай тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус пневмониясына қатысты 471 жағдай тіркелді

«2 тамыздағы коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 471 жағдайы және 25 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 110 адам емделіп шықты.

2020 жылы 13 наурыздан бастап барлық ауырғандар саны – 61 772, 3 781 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54 961 жетті», делінген хабарламада.