Елімізде коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 1 дерегі және 1 өлім жағдайы тіркелді. 17 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 27 наурызға дейін елімізде коронавирус пневмониясына 88 607 адам шалдықты. 5353 науқас қайтыс болды, жазылып шықты 82 254 адам.