Елімізде коронавирус пневмониясынан 181 адам емделді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус пневмониясынан 181 адам емделді

«11 наурыздағы коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 55 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 181 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны – 49 749, 653 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 715 жетті», делінген хабарламада.