10:56, 31 Наурыз 2021 | GMT +5
Елімізде коронавирус вакцинасының бір компонентін 134 мың адам қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 наурыздағы халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялауға қатысты ақпарат жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
«Вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 134 841 адам.
Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 38 588 адам», делінген хабарламада.