Елімізде коронавирус жұқтырған 163 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 6 023 емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 023 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 389 бала бар. Стационарларда 2 714 науқас жатыр. 3 309 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жүр.
Жалпы науқастардың арасында 163 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.