Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 91 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1226 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 91 мыңнан асты

Оның ішінде 557 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 229 / 98

Алматы қаласы - 206 / 128

Шымкент қаласы - 54 / 8

Ақмола облысы - 59 / 33

Ақтөбе облысы - 11 / 11

Алматы облысы - 31 / 19

Атырау облысы - 31 / 22

Шығыс Қазақстан облысы - 135 / 45

Жамбыл облысы - 46 / 21

Батыс Қазақстан облысы - 71 / 41

Қарағанды облысы - 95 / 27

Қостанай облысы - 59 / 20

Қызылорда облысы - 35 / 24

Маңғыстау облысы - 21 / 8

Павлодар облысы - 53 / 23

Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 14

Түркістан облысы - 25 / 15

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 91 593.