Елімізде коронавирусқа қарсы вакциналау қарқыны қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ге қарсы вакциналау қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республика азаматтарына «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V), «QazVac», «Hayat-Vax», «КоронаВак» және «Синофарм» сынды бес түрлі вакцина қолжетімді.

«11 қазандағы жағдай бойынша еліміз бойынша қамтылуы тиіс контингенттің 78 пайызы немесе халық санының 41 пайызы бірінші компонентпен егілді. Сонымен қатар, екінші компонентті вакцина алуы тиіс тұрғындардың 69 пайызы салдырды», - деді А. Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, Pfizer компаниясының вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге рұқсат етілген жалғыз екпе болып тұр.

«Осыған байланысты министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар