Елімізде коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында инфекцияға шалдыққан науқастардың денсаулығы туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

11 қазандағы мәлімет бойынша, осы уақытта ел өңірлерінде 53 751 адам коронавирус инфекциясынан (46 626 КВИ+ және 7 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 653 пациент стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

696 адамның жағдайы ауыр,

194 пациенттің жағдайы өте ауыр,

127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.