Елімізде коронавируспен ауырған 1 944 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавируспен ауырған 1 944 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 1 944 адамның жағдайы ауыр

23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (118 989 КВИ+ және 5 882 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 197 пациент стационарда жатыр, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 944 адамның жағдайы ауыр, 518 пациенттің жағдайы өте ауыр, 312 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.