Елімізде коронавируспен ауырған 2,2 мың сырқат стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавируспен ауырған 2 264 пациент стационарда емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 2,2 мың сырқат стационарда жатыр

«31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 610 адам коронавирус инфекциясынан (–14 643+ және 1 967 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 264 пациент стационарда, 14 346 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 213 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.