Елімізде коронавируспен ауырған 23 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде коронавируспен ауырған 23 адам көз жұмды

17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Нұр-Сұлтанда 2 адам, Алматыда 6 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Алматы облысында 4 адам, Атырау облысында 2 адам, Жамбыл облысында 1 адам, Батыс Қазақстан облысында 3 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Қызылорда облысында 2 адам, Павлодар облысында 1 адам коронавирустан қайтыс болған.

Еске сала кетсек, еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Ақмола облысы «қызыл аймақтан» шығып «сары аймаққа» өтті.