Елімізде коронавируспен ауырған 25,6 мың пациент стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 тамыздағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 25,6 мың пациент стационарда жатыр

«28 тамыздағы мәлімет бойынша, 114 764 адам коронавирус инфекциясынан (–108 064 + және 6 700 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 25 694 пациент стационарда жатыр, 89 070 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 810 адамның жағдайы ауыр, 506 пациенттің жағдайы өте ауыр, 308 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.