Елімізде коронавируспен ауырған 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясымен ауырған 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 558 адам короновирус инфекциясынан (14 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 713 пациент стационарда, 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 231 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.