Елімізде коронавируспен ауырған 486 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 486 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.
«ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 19 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 876 адам коронавирус инфекциясынан (–26 464+ және 4 412 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 513 пациент стационарда, 24 363 науқас амбулаторияда ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 486 адамның жағдайы ауыр, 125 пациенттің жағдайы өте ауыр, 88 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.