Елімізде коронавируспен ауырған 565 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавируспен ауырған 565 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 565 науқастың жағдайы ауыр

«Қазақстанда 5 маусымдағы мәлімет бойынша 24 689 адам коронавирус инфекциясынан (23 867 КВИ+ және 822 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 684 пациент стационарда жатыр,
16 005 науқас амбулаторияда емделіп жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
565 адамның жағдайы ауыр,
114 пациенттің жағдайы өте ауыр,
75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.