Елімізде коронавируспен ауырған 609 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавируспен ауырған 609 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 2 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 137 адам коронавирус инфекциясынан (25 556 КВИ+ және 581 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 702 пациент стационарда жатыр, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
609 адамның жағдайы ауыр,
139 пациенттің жағдайы өте ауыр,
84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 31 мамырдағы мәлімет бойынша елімізде 21 науқас көз жұмды. Оның 18-і коронавирус белгісі бар, ал үшеуінде симптом болмаған.