Елімізде коронавируспен ауырған 75 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавируспен ауырған 75 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 75 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 маусымдағы мәлімет бойынша 24 797 адам коронавирус инфекциясынан (24 069 КВИ+ және 728 КВИ-) емделуде, оның ішінде 9 208 пациент стационарда жатыр, 15 589 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
572 адамның жағдайы ауыр,
124 пациенттің жағдайы өте ауыр,
75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламда.

2 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде 22 адам коронавирустан көз жұмды. Оның ішінде 15 науқас КВИ+, жетеуі КВИ-.