Елімізде коронавируспен ауырған 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирусқа шалдыққан 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
1 маусымдағы мәлімет бойынша елімізде 26 383 адам коронавирус инфекциясынан (25 872 КВИ+ және 521 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
9 984 пациент стационарда жатыр, 16 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
629 адамның жағдайы ауыр,
148 пациенттің жағдайы өте ауыр,
95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.