Елімізде коронавирустан тағы 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Елімізде індеттен тағы 1 науқас қайтыс болды. Кеше министрлік бір адамның өлімі туралы хабарлаған болатын.

25 тамыздағы мәлімет бойынша ел өңірлерінде коронавирустан 19 647 адам емделіп жатыр, оның ішінде 19 329 науқас – коронавирустан (КВИ+), 318 науқас – коронавирус пневмониясынан (КВИ-). 691 пациент стационарда жатса, 18 956 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 19 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар