09:12, 18 Тамыз 2020 | GMT +5
Елімізде коронавирусты пневмониядан 2 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмонияға 70-ке жуық адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 67 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы 18673 адам ауырды, 220 өлім жағдайы тіркелді», - делінген ақпаратта.