Елімізде корпоративтік серіктестіктердің қарызын өндірумен айналысатын «ЮСБ Коллектор Қазақстан» бірлескен компаниясы құрылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЮСБ Орталығы» КА директорлар кеңесінің төрағасы Александр Федоровтың айтуынша, бүгінгі таңға дейін Қазақстанда нағыз корпоративтік коллекторлық қызметпен, яғни заңды тұлғалардан қарызды өндірумен айналысатын бірде-бір компания болмаған. «Корпоративтік коллекторлық қызметтің мақсаты - адал жұмыс істейтін компаниялардың мүддесін алаяқ компаниялардан қорғау тиімділігін арттыру. Қазіргі кезде Қазақстанның корпоративтік секторлары сапалы қызметке зәру. Соңғы кезде бізге Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық ірі компаниялар жиі хабарласады. Ресейдегі жағдайларды ескере отырып, корпоративтік қарыздарды өндіру тәжірибесі Қазақстанның бизнес ортасына аталған мәселені біліктілікпен шешуге көмектесіп қана қоймай, корпоративтік қарыз жинаудың жаңа технологияларын қолданысқа енгізеді», дейді А.Федоров.
Бүгінгі күні «ЮСБ Коллектор Қазақстан» республикадағы корпоративтік қарыз нарығы кем дегенде 1 миллиард долларды құрайды деген болжам жасап, оның 60-70 пайызы - заңды тұлғалардың банктер алдындағы қарызы болғанын айтады.
«ЮСБ Коллектор Қазақстан» КА-ның басқарушы директоры әрі құрылтайшысы Данияр Төленовтың айтуынша, Қазақстанда аталмыш қызметті пайдалану көрсеткіші төмен. «Еліміздегі КА-дің басым бөлігі жеке тұлғалардан қарыз өндірумен айналысады. Ал, корпоративтік берешектерді өндіру мүлдем өзгеше тәсілдер мен технологияларды қажет етеді. Жұмыс барысында біз жаңа технологиялар мен тәсілдерді пайдаланбақпыз», дейді директор.