Елімізде Қожалы оқиғасына арналған шара өткізілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қожалы оқиғасына арналған шара өткізді, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
None
None

Басқосуға Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедов, Әзербайжан ұлттық-мәдени ұйым басшылары мен диаспора өкілдері және бірқатар елдердің елшілері мен дипломатиялық корпус өкілдері, көрнекті түркітанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, бауырлас екі ел арасындағы тарихи-мәдени байланыстардың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Әзербайжан елшісі Рашад Мамедов Әзербайжанның тәуелсіздікке жету жолына қысқаша шолу жасап, тарихи Қожалы оқиғасы жайлы баяндады, сондай-ақ егемендіктің асыл мұраттарын сөз етті. Сондай-ақ, елші Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың І Наурызды Алғыс айту күні деп жариялауына орай, зұлмат жылдары Әзербайжаннан келген қандастарды бауырына басқан қазақ халқына алғыс айтты.

Кездесу барысында қатысушылар Түркі әлеміндегі ықпалдастық пен ынтымақтастық мәселелерін төңірегінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, шара аясында xocali.kz сайты таныстырылып, әзербайжан кинематографистері түсінген деректі фильм көрсетілді.
null null null null

Соңғы жаңалықтар