Елімізде қылмыс деңгейінің 7,1 пайыз көлемінде төмендеуі байқалуда

None
None
АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда қылмыс деңгейінің 7,1 пайыз көлемінде төмендеуі байқалуда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның Құқықтық Статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлім етті,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, биылғы жылдың 10 айында елімізде 99 мың 625 қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 7,1 пайызға төмен. Атап айтқанда тонау, қарақшылық,  бопсалау секілді қылмыстық әрекеттер - 16, ауыр дене жарақатын келтіру - 8,8, қасақана кісі өлтіру және қастандық жасау 5,6 пайызға азайған. Алайда, аса ауыр қылмыстар 11,3 пайызға  (2504-тен  2788-ге дейін) өскен.

 Есіртікінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың саны 4 395-ті құрағанына тоқталған ол, осы орайда есірткі заттарын тәркілеу көлемі артқанын жеткізді.

  «Егер елімізде қылмыс көлемі 10 мың адамға шаққанда  75 қылмыстан келсе, Шығыс Қазақстан облысында - 125, Павлодар облысында - 121, Алматыда 94 қылмысты құрайды. Яғни бұл аймақтарда салыстырмалы түрде криминогендік жағдайдың өсімі байқалуда», деді комитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар