Елімізде майлы дақылдар егілген алқаптың 88 пайызы жиналды

АНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазіргі уақытта майлы дақылдар егілген алқаптың 88 пайызы жиналды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман айтты.

Елімізде майлы дақылдар егілген алқаптың 88 пайызы жиналды

«Қазіргі уақытта жиналған майлы дақылдардың жалпы жиынтығы 732 мың тоннаны құрайды. Бұл орайда елдің жалпы тұтыну көлемі 800 мың тонна көлемінде болжанған болатын. Ал қарақұмыққа келетін болсақ, бұл дақыл түрі толығымен жиналды. Жиналған өнім 43 мың тоннаны құрайды, бұл да ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге жеткілікті», - деді ол.

Сондай-ақ Жауапты хатшының атап өтуіне қарағанда, бірқатар майлы дақылдар тұқымын сыртқа шығаруға қойылған уақытша шектеу іс жүзінде ішкі азық-түлік нарығын өсімдік майымен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл орайда Е.Аман қазіргі уақыттың өзінде отандық кәсіпорындар дәнді дақылдарды өңдеуге кірісіп кеткендігін айтты.