Елімізде мемлекет пен бизнес арасында бірлескен астық компаниясы құрылады - Ауыл шаруашылығы министрлігі
әуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жақында елімізде бірлескен астық компаниясы құрылады. Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталы студиясында өткен интернет-конференция барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш компания мемлекет пен жеке кәсіпкерлік саласының әріптестігі негізінде құрылады. Аталмыш компанияның мақсаты элеваторлар мен логистиканың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады. «Бүгінде аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, түрлі мүмкіндіктер мен ұсыныстар талқылануда. Үкімет қазір бұл мәселені зерттеп, оны қайталап, әрі тереңдетіп зерттеу жөнінде тиісті тапсырмалар да берді», деді вице-министр.