Елімізде Мемлекеттік шекара өзгертілуі мүмкін деген кез-келген ойдың өзін болғызбауға тиіспіз - М. Әшімбаев

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біз елімізде Мемлекеттік шекара өзгертілуі мүмкін деген кез-келген ойдың өзін болғызбауға тиіспіз.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» жаңа заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында депутат Мәулен Әшімбаев осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, заң жобасында шекара қауіпсіздігі, шекара саясаты, мемлекеттік шекараны межелеу және шегендеу секілді ұғымдар нақтыланып, халықаралық тәсілдерге сәйкестендірілген. «Бұдан бөлек, заң жобасынан мемлекеттік шекараны өзгерту мүмкіндігін көздейтін нормалар алынып тасталды. Бұл шешім ҚР Конституциясының 2-бабына негізделді. Онда «мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» делінген. Сондықтан да, біз елімізде мемлекеттік шекара өзгертілуі мүмкін деген кез-келген ойдың өзін болғызбауға тиіспіз», - деді М. Әшімбаев.

Оның айтуынша, Елбасы Н. Назарбаевтың  басшылығымен шекараны межелеудің тарихи үдерісі аяқталды. «Енді бұдан әрі ешкімнің де шекараны өзгерту мәселесін көтеруге негізі жоқ, сол үшін аталған норма заң жобасынан көрініс тапты», - дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар