Елімізде мүгедек балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің құны екі еседен астамға ұлғайды

ң 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде соңғы екі жылда психоневрологиялық патологиядағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің құны екі еседен астамға ұлғайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Қайни Манабаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, 2007 жылы көрсетілетін қызметтер кешені республика бойынша 637,8 теңгені, ал Астанада - 115,5, Алматыда - 43,5і, Ақмола облысында - 665,3, Шығыс Қазақстан облысында - 561,7, Қарағанды облысында - 475,3, Оңтүстік Қазақстан облысында 1000,4 теңгені құраған. 2009 жылы жаңа стандарттың енгізілуіне байланысты қызметтер жалпы республика және өңірлер бойынша 2 мың 769 теңгеге ұлғайған.

 «2009 жылы күшіне енген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңда қарастырылған әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру өңірлерде қызмет көрсетулердің жаңа формасын енгізуге мүмкіндік берді. Бұлар сыйымдылығы шағын интернат-үйлер, күндізгі стационарлар, күндізгі алаңдар және өзге де консультациялық қызметтер», деді ол.

 Оның айтуынша, қазіргі таңда республикамызда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін сегіз күндізгі бөлімше жұмыс істеуде. Оның 4-еуі Шығыс Қазақстан облысында, қалғандары Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар