Елімізде мүлікті рәсімдеу деректері шенеуніктерді декларациялау аясында тексеріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шенеуніктердің декларациялары қоғамға неліктен қолжетімді еместігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2025 жылға дейін ешқандай айыппұл іс-шаралары қолданылмайды. 2025 жылы жалпыға ортақ декларациялау процесін аяқтаймыз. Бұл мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Сол кезде бәрі жарияланатын болады. Өз мүлкін декларацияламайтын не салық төлемейтіндерге тиісті іс-шара қолданылады», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, бұл жұмыс мемлекеттік қызметшілерге де, кәсіпкерлерге де қатысты бірдей жүргізіледі.

«Бізде жалпыға ортақ декларациялау бірнеше кезеңге бөлінеді. Соңғысы – 2025 жылы болады. Біз сол дұрыс болады деп шештік. Өйткені, мемлекеттік қызметшілердің туыстары бар. Қандай да бір мүлік дұрыс рәсімделмеген шығар. Мұның бәрін 2025 жылы анықтаймыз. Жалпы жағдай белгілі болады. Кімде қандай мүлік жазылғанын білеміз», - деді министр.

Сонымен қатар, Ерұлан Жамаубаев өзінің декларациясын жариялауға қатысты сауалға жауап беріп, оны кадр қызметіне ұсынғанын және олар жариялауы тиістігін айтты.


Соңғы жаңалықтар