Елімізде мұнай құбырларының күзетілетін учаскелерінде мұнай ұрлау кезінде 80-нен астам заң бұзушы және 50 мұнай тасымалдаушы көлік ұсталды - «Semser-Security»
2010 жылдың 9 айында «Semser Security» ЖШС бөлімшелерінің қызметкерлерінің жеке әрекеттерінің нәтижесінде, сонымен қатар құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген операциялардың барысында күзетілетін мұнай құбырларының түрлі аумағында мұнай ұрлау фактілері кезінде сәтті өткізілген 24 арнайы шараның барысында 81 құқық бұзушы және 50 мұнай тасымалдаушы көлік ұсталды.
«Жалпы 2007-2010 жылдар аралығында мұнай ұрлығымен айналысатын 54 қылмыстық топ ауыздықталды. Осы мерзім ішінде мұнай ұрлығына маманданған 150-ден астам адам және 80 шақты мұнай тасымалдау көліктері ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылған», делінген баспасөз баянында.
Биыл компания басшылығы магистральды мұнай құбырларына заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуда көрсеткен кәсибиліктері үшін 50-ден астам қызметкерді ынталандырды. Олардың бірқатары құқық қорғау органдары тарапынан да грамоталар мен ескерткіш белгілермен марапатталды.
«Semser Security» ЖШС - еліміздің мұнайгаз саласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында еңбек етеді. Серіктестіктің бірден бір акционері - «ҚазМұнайГаз» ҰК.