19:13, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Елімізде мыңға жуық денсаулық сақтау нысандары жөндеуді қажет етеді ? Ж.Досқалиев
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ – Елімізде 931 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуді қажет етеді.
Бұл жөнінде бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз халқына арналған «Дағдарыстан ? дамуға» атты Жолдауын талдау бойынша министрлік активімен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«2008 жылы 662 денсаулық сақтау ұйымы күрделі жөндеуден өткізілді. Бүгінгі күні 931 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуді қажет етеді», ? деді Ж.Досқалиев.Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру аясында ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға 26,4 млрд. теңге көзделген. Нәтижесінде 424-і, оның ішінде 24 республикалық денсаулық сақтау нысаны медициналық көмек көрсетудің тиісті стандарттарына сәйкестендірілетін болады.