Елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесі проблемасы әлі күнге дейін өзекті болып отыр - Көліктегі Ішкі істер департаменті

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесі проблемасы әлі күнге дейін өз көкейкестілігін жоғалтпай отыр.

Елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесі проблемасы әлі күнге дейін өзекті болып отыр - Көліктегі Ішкі істер департаменті

Ал Шу алқабы мен Ауғанстаннан заңсыз келіп жатқан есірткі осы мәселеге қатысты жағдайды ушықтыра түсуде», деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Елдегі серткі тасымалдау мен нашақорлықтың алдын алу және жастарды есірткіге қарсы тәрбиелеу мақсатында мемлекет, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, білім, құқық қорғау органдары кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Мысалы 26 желтоқсанда Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Орынбай Дүйсенбиев Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің спорт залдарын аралап, осында жаттығып жатқан студенттер арасында есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Шара барысында полиция капитаны студенттерге нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлері жөнінде де ескертіп өтті.