Елімізде найзағайлы нөсер жауғанымен күн суытпайды

Мұндай ауа райы республика арқылы өтетін жылы, кейіннен суық ауа ағындарына байланысты болады. Тропосфералық ағындар (5 шақырым биіктікте) батыс және оңтүстік-батыс бағытта болғандықтан, күн суытпайды. Алдағы тәулікте жаңбыр жауатын оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда ауа температурасы жоғарылайды. 12-13 мамыр күндері бұл жерлерде күндіз +27-35ºС болуы ықтимал.
Астана қаласы бойынша консультативтік ауа райы болжамы
11 мамыр күні: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-ға жетеді. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.
12 мамыр күні: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке қарай ауысып, оның екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-ға жетеді. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С.
13 мамыр күні: күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-ға жетеді. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.
Алматы қаласы бойынша консультативтік ауа райы болжамы
11 мамыр күні: күн ала бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 0-5, нөсер жауғанда 8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.
12 мамыр күні: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.
13 мамыр күні: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.