17:20, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,7 пайызға кем - Статистика агенттігі
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,7 пайызға кем. Бұл туралы бүгін елордада еліміздің ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,7 пайызға кем. Оған былтырғы жылғы 1-ші жартыжылдықта үлкен инвестициялық жобалардың бірі газ құбырының бірінші кезегінің іске қосылуы болды. Ал осы құбырды есепке алмасақ, онда негізгі капиталға салынған инвестициялардң көлемі өсіп келеді», деді ол өз сөзінде.
Жалпы Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2671,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға кем.